homepage
фото: ашық дереккөзден

Жетісуда жер сілкінді

Бүгін, 14:12

Бүгін Жетісу облысы аумағында жер сілкінді. Оның магнитудасы 3,8 балл. Бұл туралы Қазақ ұлттық деректер орталығы хабарлады.

Елдегі сейсмикалық станциялар Жетісу өңіріндегі жерасты дүмпуін дүйсенбі күні Астана уақытымен сағат 10:56-да тіркеген. Дүмпу ошағы Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан.

Бұдын бұрын, нақтыласақ 26 маусымда Павлодар облысында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.