homepage
фото: видеодан алынған кадр

«Әділет» партиясы ресми түрде тіркелді

Бүгін, 14:03

Бүгін, яғни 1 маусымда «Әділет» партиясы ресми түрде тіркеуден өтті. Бұл туралы саяси бірлестіктің төрағасы Айбек Дәдебай мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

3 минутқа созылған видео мәлімдемеде партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалардың арқасында еліміздің саяси жүйесі ашық бола түсті деп санайтынын жеткізді. Ұйым басшысының ойынша, жаңадан құрылған бірлестік елдің саяси жүйесіндегі бәсекелестікті күшейте түспек. 

«Бүгін «Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған саяси реформалардың нәтижесінде еліміздің саяси жүйесі ашық әрі бәсекеге қабілетті бола түсті. Партия қатарында еңбек адамдары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, кәсіпкерлер мен жалынды жастар қосылды», – деп мәлімдеді Дәдебай.

Бастамашыл топ «Әділет» партиясы құрылатынын биыл сәуірдің ортасында мәлімдеген. Саяси ұйым Әділетті Қазақстан құндылықтарын қорғауды көздейді. Ал мамырдың басында бірлестіктің құрылтай съезі өткен. Енді ол тамыз айында Құрылтай сайлауына түседі.