homepage
фото: ашық дереккөзден

Ешқандай шағымымыз жоқ: Александр Пакты марқұмның туыстары кешірмек

Бүгін, 13:55

Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр. Марқұмдардың туыстары Александр Пакқа кешірім беріп, бас бостандығынан айырмауды сұрады, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Пак тізгіндеген Zeekr автокөлігімен сотығысқан Mersedes машинасының иесі, марқұм Еламан Қайыржанұлының әпкесі сотта сөз алды. Айтуынша, апаттан көліктің түгі қалмай қираған, бірақ айыпты тарап толық өтемақы берген.

«Айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындап, кешірім сұрады. Материалдық және моральдық өтемақыны толық өтеді. Менің және басқа туыстарымның оған ешқандай шағымы жоқ және болмайды да», – дей келе, оған шартты жаза қолдануды сұрады.

Апаттан қайтыс болған Құмар Теңелбаеваның да анасы да айыпталушыға кешірім беріп, еш шағымы болмайтынын айтты. Сотта оның мәлімдемесі оқылды. 

«Біздің еш шағымымыз жоқ. Сотталушы өз кінәсін мойындап отыр. Еламанның отбасымен бірге оны кешірдік», – деді жәбірленуші.

Бұған дейін айыпталушы Александр Пак жасаған ісіне өкінетінін айтып, кешірім сұраған еді. Апат салдарынын 1996 жылы туған Еламан Қайыржанұлы, 2003 жылы туған Құмар Теңелбаева және 2005 жылы туған Томирис Қыдырбек оқиға орнында қайтыс болған.