Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында LRT-ның көрсеткіші жайлы жазды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жолаушылар ағыны 1 млн адамға жетті. Күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш қалалық рельсті көліктің жаңа түрі елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.
LRT-ны белсенді пайдаланып, жаңа көлік жүйесіне сенім артқаны әрі инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін жолаушыларға алғысымды білдіремін», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Қала әкімі сондай-ақ LRT-ның Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңін іске асыру жұмысы басталғанын айтты.
«Жобаның жүзеге асуы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.