Көкшетауда жасөспірімдер арасындағы жанжал туындап, соның салдарынан 17 жастағы жасөспірім пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Kokshetau Today жазуынша, оқиғадан кейін жасөспірім шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, көп мөлшерде қан жоғалтқан науқас алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң хирургия бөліміне ауыстырылды.
“Жасөспірім кеуде тұсынан кесілген және тілінгенн пышақ жарақатын алған. Қазір оның жағдайы тұрақты”, – дейді дәрігерлер.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 27 мамырда болған. Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция жанжалға қатысушыларды анықтап, оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр.