homepage

Пышақпен тілгілеп, ұрып-соққан: Ақтөбеде үш адамды кепілге алған ер адам туралы жаңа дерек шықты

Juzmedia. kz
Бүгін, 14:03

Ақтөбеде бір отбасының адамдарын кепілге алып қинап, пышақ жарақатын салған ер адамның бұған дейін де құқық қорғау органдарының назарына іліккені мәлім болды, деп хабарлайды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

БҰРЫН ДА ПОЛИЦИЯ НАЗАРЫНА ІЛІККЕН

Halyqstan Телеграм-каналының хабарлауынша, 1986 жылы туған Б. есімді ер адам М. есімді әйелді балағаттағаны үшін 2024 жылы бес тәулікке қамауға алынған екен. Әйел оны бейнетаспаға түсіріп, үстінен арыз түсірген. Сот отырысында әйел өзін Б-дан қорғауды сұраған.

Белгілі болғандай, ол 40 жастағы сүйіктісі М.-мен бірнеше рет жанжалдасып қалған. Ер адам М.-мен бірге тұрған, сондықтан оның ата-анасының үйіне оп-оңай кірген.

ЖАСӨСПІРІМ ҒАЙЫПТАН АМАН ҚАЛҒАН

Айта кетерлігі, есепші болып жұмыс істейтін М. ата-анасымен бірге тұрмаған, тек қайғылы оқиға болған күні оларға қонаққа барғаны туралы ақпарат шықты.

“Жұмыссыз Б. ата-анасының үйіне кіргеннен кейін әйелдің 74 жастағы өгей әкесін (құқық қорғау органының отставкадағы қызметкері) және 67 жастағы анасын (медбике) пышақ қолданып, жарақаттаған. Кейбір деректерде оның қолындағы пышақ емес, балта болғаны айтылады. Әйелдің ата-анасын жарақаттаған соң, Б. сүйіктісін басқа бөлмеге қамап, пышақпен денесін тілгілеп, ұрып-соғып, балағаттай бастаған. Полиция мұндай қадамға не себеп болғанын хабарлаған жоқ. Тәртіп сақшылары іс бойынша қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

Сол кезде үйде отбасының тағы бір мүшесі – әйелдің 17 жастағы ұлы болмаған. Полиция кепілге алынғандар туралы тек соның арқасында білген: жасөспірім үйіне келгенде қан іздерін көріп, дереу туыстарын көмекке шақырған. Ал олар өз кезегінде полицияға хабарласып үлгереді”, - делінген хабарламада.

ӘЙЕЛДІҢ АТА-АНАСЫ ПЫШАҚ ЖАРАҚАТЫНАН КӨЗ ЖҰМДЫ

Тәртіп сақшылары Б.-мен үш сағат бойы келіссөз жүргізеді, бірақ ол ешқандай талап қоймағандықтан және кепілге алынғандарды босатпағандықтан, үйге басып кіру туралы шешім қабылданған.

Өкінішке қарай, 40 минутқа созылған ота кезінде әйелдің анасы ауруханаға жетпей, ал өгей әкесі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Әйелдің өзі тірі қалды, оған қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Қаза тапқандарды жерлеу бейсенбі күні өтеді. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров кепілге алынған марқұмдарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетуді тапсырды.

Қазіргі кезде адамдарды кепілге алу (ҚР ҚК 261-бабы) және кісі өлтіру (ҚР ҚК 99-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.