homepage
polisia.kz

Түркістан облысында адам өлтірді деген күдікпен оқушы қыз ұсталды

30.05.2026, 09:36

Түркістан облысында қараусыз қалған ғимараттан табылған 21 жастағы жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға Төлеби ауданына қарасты Леңгір қаласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның пышақталған мәйіті қараусыз қалған ғимараттан табылған.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Қылмыс жасады деген күдікпен 9-сыныпты аяқтаған кәмелетке толмаған қыз ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген ПД хабарламасында.

Әзірге қайғылы жағдайдың нақты қалай болғаны және күдікті мен марқұмның арасындағы байланыс туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Полиция өкілдері тергеу аясында қажетті барлық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.