homepage
azh.kz/kz

Атырау облысында ​жол апатынан төрт адам қаза тапты

29.05.2026, 12:36

29 мамыр күні  таңертең Атырау облысының Индер ауданында болған жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ақ Жайық” басылымының жазуынша, қайғы оқиға сағат 06:30 шамасында Индер – Қарабау трассасының 15-шақырымында болған.

“Апат салдарынан Hyundai Sonata көлігі аударылып кеткен. Көлікті 41 жастағы жүргізуші басқарған. Жүргізуші және үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды”, – делінген хабарламада.

Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.