29 мамыр күні таңертең Атырау облысының Индер ауданында болған жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Ақ Жайық” басылымының жазуынша, қайғы оқиға сағат 06:30 шамасында Индер – Қарабау трассасының 15-шақырымында болған.
“Апат салдарынан Hyundai Sonata көлігі аударылып кеткен. Көлікті 41 жастағы жүргізуші басқарған. Жүргізуші және үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды”, – делінген хабарламада.
Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.