homepage
Видеодан кадр

Өскеменде көлік велосипед мінген балалар тобына соғылды

28.05.2026, 17:48

Өскеменде Toyota Avensis көлігінің жүргізушісі велосипедпен келе жатқан балалар колоннасын қағып кетті. Жол апаты салдарынан алты жасөспірім дәрігер көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға 27 мамырда Ертіс көпірінде болған. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Avensis жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, велосипедшілер колоннасына соқтығысқан.

Апат кезінде жүргізушінің мас болмағаны анықталды. Қазір полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өскемен қалалық дене шынықтыру, туризм және спорт бөлімінің мәліметінше, жас спортшылардың жаттығуы жоспарлы түрде өткен. Балалар арнайы сүйемелдеумен жүрген.

Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Зардап шеккендердің жасы 14 пен 17 аралығында екені белгілі болды.

Дәрігерлер тексеруінен кейін бес бала амбулаториялық емге жіберілсе, бір жасөспірім жабық бас-ми жарақаты күдігімен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта ол дәрігерлер бақылауында.