Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды өзі қарсы алды.
Салтанатты шара барысында Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары көкке Ресей туының түстері — ақ, көк және қызыл жолақтарды бейнелеп ұшты.
Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.