Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров қаржылық қолдауға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Спортшының айтуынша, Олимпиададағы жеңісінен кейін жалақы төлеу тоқтап, ақпан айынан бастап дәрігерлік қолдаудан да айырылған.
«Ақпаннан бері дәрігерім де жоқ»
Михаил Шайдоров YouTube-тағы подкасттардың бірінде соңғы айларда дайындыққа қатысты қиындықтар туындағанын айтты. Оның айтуынша, келісімшарт мәселесі әлі күнге дейін нақты шешілмеген.
Спортшы бұған дейін өзінің жалақысы жарияланғанын да сынға алды. Ол мұны өзінің және отбасының еңбегін бағаламау деп қабылдағанын жеткізді.
«Олимпиададан кейін жалақы алмай жүрмін. Алдағы маусымға дайындалуым керек, бірақ қалай дайындалатынымды түсінбеймін.
Жаттығу жиындары жоспарланған, бағдарламалар қою уақыты белгіленген. Бірі бір нәрсе айтады, екіншісі басқа жауап береді. Оның үстіне 1 ақпаннан бастап дәрігерімді алып тастады», – деді спортшы.
Министрлік не деп жауап берді?
Осыдан кейін Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясы ресми түсініктеме берді.
«Михаил Шайдоровқа қатысты айтар болсақ, 2026 жылдың қаңтар және ақпан айларындағы жалақысы бұрын жасалған келісімшарт негізінде толық төленді. 2026 жылдың наурыз айынан бастап спортшының Миланда өткен Олимпия ойындарында алтын медаль жеңіп алғаны ескеріліп, жаңа келісімшарт жасау жоспарланған болатын.
Жаңа келісімшартта келесі олимпиадалық цикл аясындағы дайындық пен қаржыландырудың жаңартылған шарттары қарастырылған. Қазіргі уақытта келісімшарт талаптары тараптар арасында талқыланып жатыр», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ дирекция мемлекет Шайдоровтың Олимпиададағы тарихи жеңісі үшін барлық міндеттемені орындайтынын мәлімдеді. Атап айтқанда, спортшыға:
Еске салайық, Михаил Шайдоров Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, қазақстандық мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізген еді. Бұған дейін бұл спорт түрінен Қазақстанға жалғыз Олимпиада жүлдесін Денис Тен әкелген болатын.