homepage
juzmedia.kz

Ақтөбе облысында суға кеткен ер адам ауруханада көз жұмды

27.05.2026, 10:17

Әріптестермен демалыс қайғылы аяқталды. Суға кеткен ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Жағаға шығарып, тынысын қалпына келтіргенімен, 59 жастағы азамат есін сол күйі жимады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға Ақтөбе облысының Жосалы ауылында болған. Марқұм тал түсте Қуағаш өзеніндегі бөгетке барған. Сол жерде әріптестерімен демалып, суға түсіпті.

Өзенге батқанын көрген қасындағылар, тұншыққан оны жағаға шығарып алған. Жедел жәрдем де келіп, алғашқы көмек көрсетілген. Аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті:

— 1967 жылғы ер адам жұмыс күнінде, түскі үзіліс кезінде Жосалы ауылы маңында демалған. Оқиға болған орын суға түсуге арналмаған және жабдықталмаған. Куәгерлер ер адамды судан тез шығарып алып, оның тыныс алмай жатқанын анықтаған. Оқиға орнында дереу жүрек-өкпе реанимация шараларын жүргізіп, зардап шегушінің тынысы қалпына келтірілді. Зардап шегуші Бадамша ауылындағы ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ер адам көз жұмды.