homepage
фотода: Дастан Рақымберді

Шымкенттік түлек әлемнің 74 ЖОО шақырту алды

26.05.2026, 19:29

Бұл суреттегі жасөспірімнің есімі – Дастан Рақымберді. Ол Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының түлегі. Дастан Рақыманберді халықаралық SAT емтиханынан 1480 балл және IELTS бағдарламасынан 7.0 балл жинап, жаһандық білім рекордын орнатты. 

Енді Дастанға әлемнің ең беделді оқу орындары “құда түсе” бастады. Ол 74 беделді жоғары оқу орнынан ресми шақырту алған. 

Бесінші сыныптан бастап ізденіс жолына түскен түлек – республикалық астрофизика олимпиадасының І орын, халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» конкурсының ІІІ орын және елімізде тұңғыш өткен қаржылық сауаттылық олимпиадасының ІІ орын иегері. Сонымен қатар, IT саласында ерекше көзге түсіп, 15-тен астам халықаралық және республикалық хакатонның жүлдегері атанды. Оның ішінде АҚШ-тың NASA агенттігі ұйымдастырған жарыста да жоғары нәтиже көрсетті.