homepage
фото: ашық дереккөзден

Директор болам десеңіз...

25.05.2026, 17:43

Еліміздегі мемлекеттік мектептерде 438 директорлық қызмет орны бос тұр. Оның дені ауылдарда. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттық сауалға берген жауабында хабарлады. 

Министрдің айтуынша, ауыл мектептерін басқаратын адам аз. Мысалы, елді-мекендерде 385 мектеп директорсыз тұр. Ал, қала мектептерінде 53 директорлық лауазымға маман жетіспейді.

Дегенмен, соңғы үш жылда бос тұрған директорлық орындар саны азайған. Мәселен, 2024 жылы бұл көрсеткіш 935 болса, 2025 жылы 830-ға дейін төмендеген. Аида Балаеваның сөзінше, мектеп директорларын іріктеу және тағайындау мәселелері өңірлердегі көшпелі кеңестерде қаралған.

«Оқу-ағарту министрлігіне шағын жинақты мектеп директорларына қойылатын біліктілік талаптары мен ротация мерзімдерін қайта қарау тапсырылды», – деді министр.