Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп жастарға арналған «Мегаполистегі өмір: төтенше жағдайларға қалай дайындалу керек» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың қалалық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық қағидалары жөніндегі білімін арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сананы дамыту.
Кездесу барысында қатысушыларға төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдері, алдын алу шаралары және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жастардың сұрақтарына жауап беріп, төтенше жағдайларда өмір мен денсаулықты сақтауға көмектесетін практикалық ұсыныстарымен бөлісті.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылап, пайдалы мәліметтер алды.
Мұндай кездесулер жас ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, тәртіп пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға, сондай-ақ жастардың құқықтық сана деңгейін арттыруға ықпал етеді.