Сәрсенбі, яғни 27 мамыр күні Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді. Оны Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі шақырған. Бұл күні қазақстандықтар Айт мерекесін тойлап жатады.
“Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды”, деп хабарлайды Ақорданығ ресми телеграм арнасы.
Путиннің Қазақстанға сапары бір емес, үш күнге созылмақ. Ол 28 мамырда өтетін Еуразиялық экономикалық форумға, сондай-ақ, 29 мамырға жосарланған Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысына қатысып барып, біржола қайтпақ.
Айта өту керек, Ресей президенті 19-20 мамыр аралығында Бейжіңге барды. Бұл оның биылғы жылда жасаған алғашқы шетелдік сапары. Кремль тараптар 40 шақты құжатқа қол қойды деп ақпар таратты.