homepage
фото: ашық дереккөзден

12 өңірге құрғақшылық қаупі төніп тұр

25.05.2026, 11:10

Биылғы жаз әдеттегіден ыстық болуы мүмкін. Соған орай, “Қазгидромет” мамандары Қазақстанның бірқатар өңіріне құрғақшылық қаупі төніп тұрғанын хабарлады. 

Маусым айында құрғақшылық қаупі Қостанай облысының Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында байқалуы мүмкін. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Жаңақала, Ақмола облысының Ерейментау мен Аршалы, Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандары тәуекел аймағына енді.

Бұдан бөлек, Атырау облысының Құрманғазы және Махамбет, Қарағанды облысының Ақтоғай, Нұра, Шет аудандары, сондай-ақ Ұлытау облысының Ұлытау мен Жаңаарқа аудандарының жекелеген елдімекендерінде де құрғақшылық қаупі сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, Алматы облысының Жамбыл, Жетісу облысының Алакөл, Жамбыл облысының Талас аудандары мен Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласында да ылғал тапшылығы байқалуы ықтимал.

Құрғақшылыққа қатысты толық болжам *AgroData* қосымшасы мен «Қазгидрометтің» ресми сайтында жарияланған.