Соңғы уақытта алаяқтар WhatsApp пен Telegram аккаунттарын бұзып, қолданушының атынан туыстары мен достарынан ақша сұрайтын жағдайлар жиілеп кетті. Мамандар мұндай кезде алғашқы сағаттар өте маңызды екенін айтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алаяқтар аккаунтқа кіргеннен кейін бірден хабарлама жібермейді. Алдымен хат алмасуларды қарап, адамның жақындарымен қалай сөйлесетінін зерттейді. Кейін дәл сол стильде «шұғыл ақша керек», «ертең қайтарамын», «қоңырау шалма» деген секілді хабарламалар жібереді.
Аккаунт бұзылса не істеу керек?
Finratings.kz жазуынша, мамандар ең алдымен аккаунтқа қайта кіріп, өзге құрылғылардағы сеанстарды дереу жабуға кеңес береді.
WhatsApp-та нөмір арқылы қайта тіркелу басқа құрылғылардағы қолжетімділікті автоматты түрде тоқтатады. Telegram қолданушыларға «Құрылғылар» бөлімі арқылы барлық бөтен сессияларды жабуға мүмкіндік береді.
Одан кейін жақындарыңызға міндетті түрде қоңырау шалып, аккаунттың бұзылғанын ескерту қажет. Сарапшылар мессенджер арқылы емес, телефонмен хабарласуға кеңес береді.
Қазақстанда қандай жауапкершілік қарастырылған?
Заңгерлердің айтуынша, мұндай әрекеттер бірден бірнеше бап бойынша қылмыс саналады.
Олардың қатарында:
Егер алаяқтар біреуден ақша алып үлгерсе, бұл қылмыстық жауапкершілікті күшейтеді.
Ақшаны қайтаруға бола ма?
Мамандардың айтуынша, бастысы, уақыт жоғалтпау керек. Егер жәбірленуші сол күні полицияға арыз жазып, банкке күмәнді операция туралы хабарласа, кей жағдайда транзакцияны тоқтатуға мүмкіндік бар.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, банк күмәнді төлем бойынша шағымды 30 күн ішінде қарауға міндетті.
Сондықтан:
Алаяқтардан қалай қорғануға болады?
Киберқауіпсіздік мамандары екі факторлы қорғанысты қосуды ұсынады. Бұл аккаунтты бұзу қаупін айтарлықтай азайтады.
Сондай-ақ:
Мамандардың айтуынша, көп жағдайда аккаунттар дәл фишингтік сілтемелер арқылы бұзылады.