homepage
REUTERS / Stringer

Пәкістанда пойызда жарылыс болып, 24 адам қаза тапты

24.05.2026, 16:18

Пәкістанның Кветта қаласында пойыздағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 24 адамға дейін өсті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, тағы 50-ден астам адам түрлі жарақат алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Кветтадан Пешавар бағытына қарай келе жатқан пойызға жарылғыш зат тиелген көлікпен шабуыл жасалған. Көлік пойыз вагондарының біріне соғылып, артынша күшті жарылыс болған.

Жарылғыш зат тиелген көлік пойыз вагондарының біріне соғылып, күшті жарылыс тіркелген.

Қаза тапқандар арасында әскери қызметкерлер де бар

Шетелдік ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, қаза болғандар мен жараланғандардың арасында әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері болған.

Жарылыс салдарынан пойыз вагондарының терезелері қирап, теміржол маңында тұрған көліктер де зақымданған.

Полиция бұл шабуылды белуджистандық сепаратистік топтар ұйымдастыруы мүмкін екенін жоққа шығармай отыр.

Бұған дейін жарылыс салдарынан кемінде 16 адамның қаза тапқаны хабарланған еді, кейіннен құрбандар саны 24 адамға жеткін хабарланды.

Оқиға Чаман Пхатак ауданындағы теміржол бөлігінде болған. Жолаушылар Құрбан айт мейрамын қарсы алу үшін туған жерлеріне бара жатқан.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жарылысқа байланысты тергеу амалдары басталды.