homepage
Juzmedia.kz

Қарағандыда 20 жастағы қызды көлік қағып өлтірді

24.05.2026, 12:54

Қарағанды қаласында жол апатынан 20 жастағы бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қайғылы оқиға 23 мамырға қараған түні Университет көшесінде, жоғары оқу орны жатақханасының маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жастағы жүргізуші мінген Lada көлігі жолдың белгіленбеген тұсынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ауыр жарақат алған бойжеткен оқиға орнында көз жұмған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда мұқият болуға шақырды.