АҚШ астанасы Вашингтондағы Ақ үй маңында атыс болып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиғадан кейін АҚШ Құпия қызметі журналистерді Солтүстік алаңнан уақытша шығарып, аумақты қоршауға алған.
Трамп қауіпсіз жерде болған
Америкалық БАҚ мәліметінше, атыс 17-көше мен Пенсильвания авенюі қиылысында, Ақ үйге жақын маңда болған. Оқиға кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үй ішінде болған.
Кейін Құпия қызмет президенттің зардап шекпегенін және қауіпсіз жерде екенін мәлімдеді.
Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, қаруланған ер адам күзетілетін аумаққа жақын келіп, оқ атқан. Бұған жауап ретінде арнайы қызмет өкілдері қарсы оқ жаудырып, күдіктіні жаралаған.
Күдікті ауруханада көз жұмды
Алдын ала мәлімет бойынша, атыс салдарынан екі адам – күдікті мен кездейсоқ өтіп бара жатқан адам зардап шеккен. Қарулы ер адам ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.
Қазіргі таңда тергеуге Федералдық бергеу бюросының қызметкерлері де қосылып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, атыс шығарды деген күдікпен 21 жастағы Насире Бест есімді азамат аталып отыр.