Атырау облысында әйел адам көпірден құлап қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қайғылы оқиға 22 мамырда Мақат ауданында болған.
Бейресми деректерге сәйкес, күндізгі уақытта 68 жастағы әйел адам Мақат ауылын Байгетөбе ауылымен жалғайтын жаяу жүргіншілер көпірінен құлап кеткен,
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келгенімен, әйелді аман алып қалу мүмкін болмады.
Қазіргі уақытта Атырау облыстық полиция департаменті ресми ақпарат берген жоқ.
Қайғылы жағдайдың мән‑жайы анықталып жатыр.