homepage
yandex.kz

Бір рет қана қоңырау шалады: микроқаржы ұйымдарына жаңа талап қойылды

23.05.2026, 11:36

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарының қарыз алушылармен жұмыс істеу тәртібін тағы бір мәрте еске салды,  деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Агенттік мәліметінше, микроқаржы ұйымдарының қызметі «Микроқаржылық қызмет туралы» заңмен реттеледі. Құжатта несие беру, қызмет көрсету және берешекті реттеу кезінде клиентпен қалай жұмыс істеу керек екені нақты көрсетілген.

Қарыз алушының қандай құқығы бар?

Заңға сәйкес, микроқаржы ұйымы төлем мерзімі өткеннен кейін 10 күн ішінде клиентті хабардар етуге міндетті.

Ал қарыз алушы 30 күн ішінде:

  • пайыздық мөлшерлемені төмендетуді;
  • төлемді кейінге қалдыруды;
  • несие мерзімін өзгертуді;
  • берешекті қайта құрылымдауды сұрай алады.

Микроқаржы ұйымдарына қандай шектеу қойылған?

Агенттік микроқаржы ұйымдары клиенттермен адал әрі ашық жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ жосықсыз әрекеттерге жол берілмеуі керек.

Бұдан бөлек, ұйымдардың қарыз алушыларға телефон арқылы шамадан тыс хабарласуына шектеу қойылған.

Енді микроқаржы ұйымдары:

  • жұмыс күндері ғана;
  • таңғы 09:00 бен кешкі 21:00 аралығында;
  • күніне бір реттен артық қоңырау шала алмайды.

Бұл талап интернет арқылы қоңырау шалатын қосымшаларға да қатысты.