homepage
Фото ашық дереккөзден

Қытайда көмір шахтасында жарылыс болып, 82 адам қаза тапты

23.05.2026, 10:57

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында орналасқан көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 82 адамға жетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Xinhua агенттігінің жазуынша, апат Циньюань уезіндегі «Люшэнью» көмір шахтасында болған. Жарылысқа шахта ішіндегі газдың тұтануы себеп болғаны айтылады.

Алғашқы ақпаратта сегіз адамның қаза тауып, ондаған кеншінің жер астында қалып қойғаны хабарланған еді. Кейін құтқару жұмыстары барысында құрбандар саны күрт артқаны белгілі болды.

Ресми дерекке сәйкес, құтқарушылар 201 адамды эвакуациялаған. Алайда бірнеше кенші әлі іздестіріліп жатыр.

Мамандардың айтуынша, шахтадағы көмірқышқыл газы мөлшерінің шамадан тыс артуы адам өліміне себеп болуы мүмкін.

Оқиғаның нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Қазір апат орнында құтқару және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Си Цзиньпин жауапты органдарға апатты жан-жақты тергеп, кінәлілерді заң аясында жауапқа тартуды тапсырды.