Қазақстандықтар ипотека мен автонесие рәсімдеуге сирек жүгіне бастаған. Бұған кей банктегі пайыздық мөлшерлеменің өсуі мен тұрғын үй құрылысы көлемінің азаюы әсер еткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚР Ұлттық банкі мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында екінші деңгейлі банктер ипотекалық және автонесиелерге сұраныстың төмендегенін тіркеген.
Ал тұтынушылық несиелерге қызығушылық сақталған.
Ипотекаға өтінім саны 21 пайызға азайды
Ұлттық банк дерегіне сәйкес, ипотекалық несиеге берілген өтінімдер саны тоқсан ішінде 21 пайызға қысқарып, 191 мыңды құраған. Орташа несие көлемі 20,5 млн теңге болған.
Сарапшылар мұны:
Автонесие де аз рәсімделіп жатыр
Автокредитке сұраныс та төмендеген. Өтінімдер саны 20 пайызға азайып, 1,2 млн болған.
Ұлттық банк мұны автодилерлер ұсынатын жеңілдетілген бағдарламаларға қызығушылықтың бәсеңдеуімен және жаңа көліктер бағасының төмендеуімен түсіндірді.
Сонымен қатар автонесие бойынша орташа қарыз көлемі 7,2 млн теңгеге дейін өскен.
Тұтынушылық несиеге сұраныс сақталған
Кепілмен берілетін тұтынушылық несиелер бойынша өтінім саны 1 пайызға артып, 103 мыңға жеткен. Ал кепілсіз несиелер бойынша өтінімдер аздап қысқарғанымен, олардың орташа көлемі өскен.
Ұлттық банк екінші тоқсанда ипотекаға сұраныс қайта артуы мүмкін деп болжап отыр.
Ал басқа несие түрлері бойынша қазіргі деңгей сақталады деген болжам бар.
Дереккөз: lsm.kz