2026 жылдың 1 шілдесінен бастап ірі көлемде салық берешегі бар кәсіпкерлер мен компания басшыларының Қазақстаннан шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, бұл шара салық қарызы 27 мың АЕК-тен асқан жағдайда қолданылады. 2026 жылғы есеп бойынша бұл шамамен 116,8 млн теңге.
Сонымен қатар берешек үш айдан астам уақыт өтелмеген болуы тиіс.
Ведомствоның түсіндіруінше, шектеу:
Алайда елден шығуға тыйым автоматты түрде енгізілмейді. Ол үшін мемлекеттік кірістер органдарының қаулысын сот мақұлдауы қажет.
Қандай жағдайда шектеу алынуы мүмкін?
Егер азамат шетелге емделу үшін шығуы қажет болса, медициналық құжаттар негізінде шектеу уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Ал тыйым толықтай:
Бұл шара кімдерге әсер етпейді?
Жаңа талап қарапайым азаматтарға немесе аз көлемдегі берешегі бар адамдарға қатысты қолданылмайды.
Шектеу қойылуы үшін мына үш шарт қатар орындалуы керек:
Мамандар кәсіпкерлерге шетелге шығар алдында салық бойынша берешектің бар-жоғын алдын ала тексеруге кеңес береді. Мұны салық төлеуші кабинеті, e-Salyq Business қосымшасы және Мемлекеттік кірістер комитетінің онлайн сервистері арқылы жасауға болады.
Дереккөз: finratings.kz