Қазақстан мен Грузия Ішкі істер министрліктерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде Тбилисиде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырды деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігі мәліметінше, күдіктілер халықаралық іздеуде болған.
Тергеу деректеріне сәйкес, ер адам 2023–2024 жылдары Алматы облысында арнайы жабдықталған зертханада мефедрон өндірісін ұйымдастырып, химик қызметін атқарған.
Ал оның жұбайы Алматы және Қарағанды облыстарындағы синтетикалық есірткі өндірісінің қаржылық мәселелеріне жауап берген деген күдікке ілінді.
Ведомствоның хабарлауынша, 2026 жылдың наурыз айынан бері Грузия аумағында Қазақстан іздеген 15 адам ұсталған.
Қазір күдіктілерді Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.