Арқалық қаласындағы су айдындарының бірінен жас қыздың мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты қазір сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті хабарлады. Ведомство мәліметінше, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
«Су қоймасынан қыз баланың денесі табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері жоқ», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауап алынуда.
Полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және әлеуметтік желілерде расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды.
Тергеу аяқталғаннан кейін оқиғаға құқықтық баға беріледі.