Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінен хабарлағандай:
Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17-18 маусым аралығында өтеді.
Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.