homepage
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Астанада жаңа туған сәбиін сатқан әйел жазаланды

20.05.2026, 14:58

Астанада жаңа туған сәбиін заңсыз берген 19 жастағы әйел ата-ана құқығынан айырылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Елорда прокуратурасының мәліметінше, бойжеткен жүктіліктің сегізінші айында делдалдардың көмегімен жалған суррогат ана болу келісімін рәсімдеп, дүниеге келген баласын ерлі-зайыптыға ақшаға берген.

“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот үкімі шықты. 2025 жылғы 23 мамырда әйел мен делдалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы бойынша кінәлі деп танылған. Оларға пробациялық бақылаумен шартты түрде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – деді Бас прокуратура өкілдері.

Баланың құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында сәби кәмелетке толмағандарға арналған арнайы мекемеге орналастырылған.

Сонымен қатар Мамандандырылған балалар үйі мекемесінің талап-арызы негізінде анасы ата-ана құқығынан айырылды.

Прокуратура балаларға қатысты заңсыз мәмілелер қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін және мұндай істер құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін ескертті.