Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданына қарасты Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайыловтың денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Қайғылы оқиға дүйсенбі күні болған. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері әзірге анықталып жатыр.
49 жастағы Ерлан Смайылов Май ауылдық округінің әкімі қызметіне биыл, 17 ақпанда тағайындалған.
Соңғы уақытта елімізде ауыл әкімдерінің қазасына қатысты оқиғалар жиілеп барады. Биыл 6 мамырда Ақтөбе облысы Кеңкияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжановтың мәйіті табылған болатын.
Сондай-ақ, 2025 жылдың желтоқсанында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған еді.