homepage
pikabu.ru

Қарағандыда жасөспірім мотоциклмен қыз баланы қағып өлтірді

19.05.2026, 09:36

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған жүргізуші адам өліміне әкелген жол-көлік апатын жасады, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Е-karaganda.kz жазуынша, қайғылы оқиға 9 мамырда Көкпекті станциясында болған.

“Алдын ала деректер бойынша, 17 жастағы жасөспірім «Эндуро» маркалы мотоциклді басқарып келе жатып, сегіз жастағы қыз баланы қағып кеткен.

Ауыр жарақат алған қыз бала оқиға орнында көз жұмды”, – делінген хабарламада.

Мотоцикл жүргізушісі де жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Аталған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасына қатысты да жеке іс басталды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, олар кәмелетке толмаған баланы тиісті жүргізуші куәлігінсіз көлік басқаруға жіберген. Бұл жағдай қайғылы салдарға әкелген.