homepage
фото: ашық дереккөзден

Әлемдегі ең қымбат бренд қандай?

18.05.2026, 11:04

Әлемдегі ең қымбат әрі ықпалды брендтер рейтингісінде Google Apple-ді ығыстырды. Соңғы төрт жыл бойы рейтингте көш бастап келген Apple бұл жолы екінші орынға түсті, Google 2018 жылдан бері алғаш рет көш бастады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Kantar BrandZ есебіне сәйкес, Google брендінің құны бір жыл ішінде 57%-ға өсіп, 1,5 триллион долларға жеткен. Сарапшылар мұны жасанды интеллектінің қарқынды дамуымен және дата-орталықтарға салынған инвестициялармен байланыстырады.

Apple бренді де өсім көрсетіп, құны 6%-ға артып, 1,4 триллион долларға жетті. Компания 2022–2025 жылдары рейтингтің көшін бастап келген еді.

Рейтингте Anthropic алғаш рет үздік 100 бренд қатарына еніп, 96,6 миллиард долларлық көрсеткішпен 27-орынға жайғасты. Ал OpenAI ең жоғары өсімді тіркеді - бір жылда бренд құны 285%-ға артқан. Kantar мұндай қарқынды өсім соңғы рет 2008 жылы BlackBerry компаниясында болғанын атап өтті.

Жалпы, Kantar BrandZ рейтингіндегі компаниялардың жиынтық құны бір жылда 22%-ға өсіп, рекордтық 13,1 триллион долларға жетті.