homepage
фото: ашық дереккөзден

Олжас Сүлейменов - 90 жаста

18.05.2026, 11:01

Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің туған күні. Халық жазушысы торқалы 90 жасқа толып отыр. 

Олжас Омарұлы 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Алғашында геология мамандығын меңгергенімен, кейін әдебиетке бет бұрып, Мәскеудегі Әдебиет институтында білім алды. Оның есімін елге танытқан шығарма – Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуына арнап жазылған «Адамға табын, Жер, енді!» поэмасы. Бұл туынды адамзат рухының биіктігін жырлаған әйгілі шығармаға айналды.

1975 жылы жарық көрген «Аз и Я» кітабы түркі және славян мәдени байланыстарын жаңа қырынан талдап, кеңестік идеологияға үлкен серпіліс әкелді. Еңбекке тыйым салынғанымен, ол ұлттық сананың жаңғыруына зор ықпал етті.

1989 жылы Олжас Сүлейменов «Невада – Семей» антиядролық қозғалысын құрып, Семей ядролық полигонының жабылуына бастамашы болды. Бұл – әлемдік деңгейдегі бейбітшілік жолындағы тарихи қадамдардың бірі саналады.

Олжас Сүлейменов – поэзия мен ғылымды, ұлттық рух пен адамзаттық құндылықтарды тоғыстырған бірегей тұлға. Оның шығармашылығы мен қоғамдық қызметі қазақ халқының рухани дамуына және әлемдік бейбітшілік идеясына өлшеусіз үлес қосты.