homepage
polisia.kz

Алматы облысында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

17.05.2026, 17:18

Алматы облысының Жамбыл ауданында ақпан айынан бері із-түзсіз жоғалған ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz 

Еріктілердің мәліметінше, әңгіме 1987 жылы туған Шыңғыс Өтеубаев туралы болып отыр. Ол 2026 жылғы 4 ақпанда жоғалып кеткен.

Белгілі болғандай, ер адам таңертең Алматы – Бішкек тасжолының 60-шақырымындағы тұрақта жеке заттарын қалдырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

12 мамырда оның мәйітін жол жұмысшылары адам аз жүретін аумақтан тапқан.

Волонтерлердің айтуынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Бұған дейінгі іздеу хабарламасында жоғалған азаматтың бойы шамамен 170–175 сантиметр екені, дене бітімі ірі, шашы қысқа әрі қара, көзі қоңыр екені көрсетілген.