homepage
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Олимпиада жүлдегерінің спортпен қоштасуы: ауыр атлетикадан чемпионат қалай өтті

17.05.2026, 15:56

Ауыр атлетикадан Талдықорған қаласындағы Қазақстан чемпионатының алтыншы күні 94 келідегі сайыспен басталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.  

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бұл салмақта жарақатына байланысты Нұрғиса Әділетұлы қатыса алмағандықтан, фаворит ретінде Сергей Петрович саналды.

Әйтсе де ол жұлқа көтеру мен серпе көтеруде (үшінші мүмкіндігінде) тек бір мүмкіндігінде ғана салмақты бағындыра алды. 94 келіде 8 спортшы жүлдеге талас жүргізгенімен, оның тек төртеуі ғана қос сайысты орындады.

Бүгінгі күннің басты жаңалығы - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, 32 жастағы Денис Уланов спорттық мансабын ресми аяқтайтынын мәлімдеді.

Жүлдегерлер:

  • Сергей Петрович (Ақмола обл) - 370 келі (170+200);
  • Асылжан Бектай (Қызылорда обл) - 340 келі (160+180);
  • Денис Уланов (ШҚО) - 287 келі (137+150).

Осы салмақта 2025 жылғы чемпионатта топ жарғандар:

  • Нұрғиса Әділетұлы (Шымкент) - 370 келі (170+200);
  • Сергей Петрович (Ақмола обл) - 364 келі (168+196);
  • Кирилл Староверкин (Қарағанды обл) - 354 келі (165+189).