Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесіп, алдағы кездесулер мен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Кремльдің мәліметінше, тараптар Ресей президентінің Астанаға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық барысын және Қазақстанда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын талқылаған.
Сондай-ақ Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтаған.
Ресей президенті Қазақстан басшысының мемлекет басқарудағы қызметі ел ішінде жоғары құрметке ие екенін және халықаралық деңгейде беделі зор екенін атап өткен.
«Сіздің Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды дамытуға қосқан жеке үлесіңіз зор», – делінген құттықтау жеделхатында.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамырда Мәскеуде өткен Жеңістің 81 жылдығына арналған шаралар кезінде көрсетілген қонақжайлық үшін алғыс білдірген.
Владимир Путин алдағы Қазақстанға сапары екі ел арасындағы өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Сонымен қатар ол Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының маңызын ерекше атап өтті.