ҰБТ аяқталғаннан кейін талапкерлер үшін ең маңызды кезеңдердің бірі – мамандық пен университет таңдау басталады. Осы ретте көпшілікті қай бағыттарда мемлекеттік грантқа түсу мүмкіндігі жоғары екені қызықтырады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025-2026 оқу жылында Қазақстанда 73,5 мыңнан астам талапкер мемлекеттік білім грантын иеленген.
Жалпы жоғары оқу орындарына шамамен 209 мың студент қабылданған. Яғни, оқуға түскендердің 35,2%-ы грантпен білім алады.
Қай мамандықтарға грант алу оңайырақ?
Статистика бойынша грант ең көп бөлінген бағыттар:
Яғни, бұл мамандықтарға түскен әрбір екінші, тіпті үшінші талапкер грант иегері атанады.
Ал жекелеген мамандықтар бойынша ең жоғары көрсеткіштер мынадай:
Инженерлер мен IT мамандарына сұраныс жоғары
Мемлекеттік тапсырыста инженерлік және IT салаларына ерекше басымдық беріліп отыр.
Мәселен:
Ал грант ең аз бөлінетін бағыттар қатарында құқықтану, бизнес, менеджмент, шет тілдері және логистика бар.
Қай салаға ең көп грант бөлінді?
2025/2026 оқу жылында ең көп грант инженерлік, құрылыс және өңдеу салаларына берілген – 19,6 мың орын.
Одан кейін:
Сондай-ақ экология, биология, ұлттық қауіпсіздік салаларында грант саны артқан.
Жеңілдікпен грант алатындар кімдер?
Бүгінде гранттардың үштен бірінен астамы жеңілдік санатындағы талапкерлерге бөлінеді. Биыл квота арқылы 26,2 мың студент оқуға түскен.
Олардың арасында:
Дереккөз: Ranking.kz