homepage

Лос-Анджелестегі өрт: қаза тапқандар саны артты

Juzmedia. kz
11.01.2025, 20:23

Лос-Анджелесте бүкіл округті шарпыған жойқын өрт әлі де толастамай тұр. Соңғы деректерге сәйкес, өрттен 11 адам қаза тауып, 10 мыңнан астам үй жермен-жексен болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Еuronews жазуынша, өртенген аумақ көлемі 12 мың гектардан асады.

«Біз жұмыс істеп жатқан аумақта шамамен 153 мың тұрғын эвакуацияланды», - деді Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Дж. Луна.

Ол сонымен қатар Палисейд және Итон өрт аймақтарында коменданттық сағат енгізілгенін, полиция ұры-қарының алдын алу үшін эвакуация аймақтарын патрульдейтінін айтты.

Шерифтің айтуынша, тағы 57 мыңнан астам ғимаратқа қауіп төніп тұр.

АЛАПАТ ӨРТТІҢ СЕБЕБІ ҚАНДАЙ?

Ірі өрттердің нақты себебі әлі анықталған жоқ, бірақ жиі болатын ауқымды орман өрттеріне бой үйретіп қалған елдегі бұл жолғы өрт көлемі жаға ұстатарлық күйге жеткен.   

Пасифик Палисейдс маңындағы ондаған блок түтіндеп жатқан күлге айналды, ал көрші Малибуда мұхит жағалауындағы үйлердің қалдықтарынан күйік шалған пальмалар ғана көрінеді.

“Лос-Анджелес округінің төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Кевин Макгоуэн орман өрті туралы қате ескертулер үшін тұрғындардан кешірім сұра, келесі аптада болуы мүмкін күшті желге дайын болуды ескертті”, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, өрт сейсенбіде басталған болатын. Өрт салдарын құрғақ мауысмда Санта-Ана дауылды желі күшейтіп жіберген. 

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер Лос-Анджелес пен оның айналасындағы Палисадс, Итон, Херст, Лидия және Кеннетттегі ірі өрт ошақтарын сөндірумен айналысып жатыр.   

Сондай-ақ өрт ошақтарының шығу себебі анықталып жатыр. Дегенмен, БАҚ мәліметінше, құқық қорғау органдары өртті қасақана тұтатқан деген нұсқаны басшылыққа алып отыр.   

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.