Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылығының Латын Америкасындағы жанкүйерлері жаңа музыкалық бейнежобаны жарыққа шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Fire» деп аталған жобаға Чили, Бразилия, Мексика, Коста-Рика және Сальвадор елдеріндегі Dears фан-қоғамдастығы қатысқан.
Бейнежоба өнер иесінің шығармашылығына құрмет ретінде Diffusion Team командасының бастамасымен әзірленген.
Жоба авторларының айтуынша, туынды Димаштың музыкасы арқылы шабыттанған тыңдармандардың шынайы эмоциясы мен адалдығын көрсетеді.
Авторлар көру қабілетінен айырылған қыздың оқиғасына ерекше назар аударған. Соған қарамастан, ол бейнежобаны дайындауға белсенді қатысқан.
Сонымен қатар Diffusion Team Латын Америкасындағы Dears қауымдастығының шығармашылық бастамаларын қолдау мақсатында «Latam Voces de Amor» атты арнайы алаң құрған.