17 мамыр – Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні. Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардың қан қысымына қатысты алаңдатарлық статистиканы жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазақстандағы жағдай қандай?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дерегіне сәйкес, Қазақстанда ересек тұрғындардың шамамен 42%-ында артериялық гипертония бар. Яғни, елдегі әрбір екінші ересек адамның қан қысымы жоғары.
2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 1,7 миллионнан астам адам гипертония диагнозымен диспансерлік есепте тұрған.
Гипертония неліктен қауіпті?
Дәрігерлер гипертонияны «үнсіз өлтіруші» деп атайды. Себебі ауру ұзақ уақыт бойы еш белгісіз өтуі мүмкін.
Жоғары қан қысымы:
Қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде гипертонияны ерте анықтау үшін скринингтік бағдарламалар жалғасып жатыр. Сондай-ақ МӘМС аясында науқастар қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
2025 жылы қанайналым жүйесі ауруларының көрсеткіші 5,5%-ға төмендеген. Ал осы дерттерден болатын өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда 148,8 болған.
Мамандар азаматтарға қан қысымын тұрақты бақылап, дер кезінде дәрігерге қаралуға және салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.