homepage
Instagram/ @halyk_zhurnalist.kz

Екі бала анасыз қалды: Талдықорғанда автобус әйелді қағып өлтірді

17.05.2026, 09:29

Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты салдарынан әйел адам қаза тапты. Қайғылы жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желіде таратды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.  хабарлады.

«Кеше Талдықорғанда автобус жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл – отбасы үшін орны толмас қайғы. Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды», – деп жазды журналист Сандуғаш Дүйсенова.

Жетісу облысы полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала дерек бойынша, «Isuzu» маркалы автобус жүргізушісі Назарбаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Салдарынан әйел оқиға орнында қаза болған.

Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автобус арнайы тұраққа қойылып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полиция өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін мәлімдеді.