homepage
Видеодан кадр

Маска таққан жігіт ауыр дертке шалдыққан тұрғынға пәтер сыйлады

16.05.2026, 12:51

Желіде «Маска таққан жігіт» (Человек в маске) деген атпен танымал болған адам бірнеше ауыр дертпен алысып жүрген 31 жастағы Александрдың тағдырын күрт өзгертті. Меценат жігітке өз үйінің кілтін табыстап, онкологиялық еміне қомақты қаржы бөлді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Тағдырдың соққысына мойымаған курьер

Александр тумысынан балалардың сал ауруына (ДЦП) шалдыққан, көзі мен аяғында күрделі кінәраты бар. Оның үстіне жақында оған қалқанша безінің обыры диагнозы қойылған.

Тағдырдың ауыр соққыларға қарамастан, ол ешкімге қол жаймай, күндіз инженер-бағдарламашы, ал кешке курьер болып жұмыс істейді.

Жігіттің отбасылық өмірі де оңай болмаған: ол туған соң әкесі кетіп қалған, ал анасы күйзеліске шыдамай, ішімдікке салынған.

Өз баспанасы жоқ Александр осы уақытқа дейін ауру аяғымен күнде 5-қабатқа жаяу көтеріліп-түсуге мәжбүр болып келген.

Жұмыс барысында кейде адамдардың мүгедектігіне күлетінін де жасырмады.

Маска таққан жігіттің қайырымдылығы

Жігіттің тарихын естіген маска таққан жігіт оған пәтер сыйлап, қатерлі ісікпен күресуге үлкен үміт сыйлады.

Енді Александрдың өмірді жаңа парақтан бастауға мүмкіндігі бар. Бұған дейін меценат ата-анасыз қалған, науқас 20 жастағы Бибіжан есімді бойжеткенге де үй алып берген болатын.

Айта кетейік, маска таққан жігіт – Қазақстандағы ең ауқымды қайырымдылық жобаларының бірі.

Жобаның негізін қалаушының кім екені әлі күнге дейін жұмбақ, ол видеоларында бетін әрдайым жауып шығады.

Қор тек жанашыр азаматтардың ерікті жарналары есебінен жұмыс істейді және бүгінде Instagram-да 3,3 миллионнан астам оқырманы бар.

Олар мұқтаж жандарға үй алып беріп, қымбат оталардың ақысын төлеумен айналысады.