Ақмола облысында ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін «Чат рулетка» онлайн платформасының пайдаланушысы сотталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Астрахан ауданының прокуратурасы ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істің ашық процесін ұйымдастырды.
«Аудан тұрғыны осы жылдың жазында мас күйінде бола тұра, әртүрлі елдердің пайдаланушыларымен сөйлесуге арналған «Чат рулетка» қосымшасында басқа ұлт өкілдеріне қатысты, оның ішінде балағат сөздерді қолдана отырып, қорлайтын мәлімдемелер жасаған», - делінген прокуратура хабарламасында.
Сараптама сөйлеуде ұлтаралық араздық пен алауыздық белгілерінің бар екенін растап, айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады.
Сотта айыпталушының кінәсін мемлекеттік айыптаушы толық дәлелдеді.
Сотталушы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.