homepage
Ақорда

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы құрылады

15.05.2026, 17:42

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Түркі өркениеті орталығын құру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Президенттің айтуынша, орталық түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, мәдени жобалар мен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырумен айналысады. Сонымен қатар бұл бастама гуманитарлық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы орталықтың жұмысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми әлеуеті пайдаланылатынын айтты. Университетке қажетті қолдау көрсетілмек.

Саммит барысында Президент Түркі елдерінің IT хабтарының ортақ орталығын ашуды да ұсынды. Оның атауын Turkic ai деп атап, Alem.ai базасында орналастыру ұсынылды.

Сондай-ақ жасанды интеллект негізінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған көптілді цифрлық платформа құру бастамасы көтерілді. Президент Қазақстан бұл жобаға цифрлық шешімдер ұсынуға дайын екенін жеткізді.