homepage
Маңғыстау облысы әкімдігі

Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындары мен қонақтарын тазалыққа шақырды

15.05.2026, 16:56

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай бастаған еріктілер тобы өңірдегі көрікті табиғи орындардың бірі - Айрақты аумағына барып, экологиялық тазалық акциясын өткізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Өңір басшысы Маңғыстау тұрғындары мен қонақтарын табиғатқа жанашырлықпен қарап, тазалық пен экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға үндеді.

"Мемлекет басшысының бастамасымен “Таза Қазақстан” идеясы біртіндеп қоғамдық санаға сіңіп келеді. Дегенмен, бүгінгі күні де қасиетті жерлерде демалып, артынан қоқыс қалдырып кететіндер көп. Бұл - ата-бабаларымыз жанын қиған киелі мекендер. Сондықтан әріптестерімізбен және жергілікті тұрғындармен бірге еріктілер тобын құрып, табиғи нысанды тазартуға атсалысу үшін келдік. Біздің даламызды сырттан ешкім келіп тазалап бермейді. Сол себепті қай жерде жүрсек те, айналамыздың тазалығын сақтап, өскелең ұрпаққа қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін сіңіруіміз керек. Бұл - баршамыздың ортақ міндетіміз», - деді өңір басшысы.