homepage
istockphoto.com

Қазақстанда жасанды жауын технологиясы іске қосылады

15.05.2026, 15:23

Қазақстан Орталық Азияда жасанды жауын технологиясын қолданатын алғашқы ел атанбақ, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусмен кездесуде айтылды.

Кездесу барысында климат мәселелері, су қауіпсіздігі және метеорологиялық инфрақұрылымды дамыту жайы талқыланды. Сондай-ақ Түркістан облысында БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен бірлескен жоба жүзеге асатыны белгілі болды.

Жоба аясында су қоймаларын толықтыру және егістік жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін жауын-шашынды жасанды жолмен шақыру технологиясы қолданылмақ.

Бастама 17 мамырда іске қосылады.

Осылайша, Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болады.