homepage
Depositphotos.com

Қазақстандықтарға 30 мың теңге айыппұл не үшін салынады

15.05.2026, 12:57

Қазақстанда су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғандарға қатысты 265-ке жуық әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 4 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті басқармасының басшысы Магомет Ахриев мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, тыйым салынған жерлерде суға түскен азаматтарға 7 АЕК көлемінде, яғни 30 275 теңге айыппұл қарастырылған.

Қазір еліміз бойынша коммуналдық және жекеменшік нысандарды қоса алғанда, ресми түрде 733 жағажай белгіленген.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Атап айтқанда:

  • жабдықталмаған жерлерде суға түсуге;
  • мас күйде шомылуға;
  • буйоктан асып жүзуге тыйым салынады.

Сондай-ақ құтқарушылар балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау қажет екенін ескертті.

Ведомство мәліметінше, өткен жылы патрульдеу кезінде 276 адам құтқарылған. Оның 85-і – балалар.

Ал 2025 жылы су айдындарындағы адам өлімі өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайған.