Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Заң жобасы 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған жаңа Конституцияны іске асыру мақсатында әзірленген.
Құжат қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты күшейтіп, азаматтардың мемлекеттік саясатқа қатысу тетіктерін кеңейтуді көздейді.
Қазақстан Халық Кеңесі немен айналысады?
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, жаңа институт «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыратын негізгі алаңдардың біріне айналады.
Кеңес мемлекеттік органдардың жұмысын алмастырмайды және олардың функцияларын қайталамайды. Оның басты міндеті – ішкі саясаттың маңызды бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеп, қоғам мен билік арасындағы пікір алмасуды қамтамасыз ету.
Заң жобасына сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесі:
Кеңес құрамына кімдер кіреді?
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес сектор, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер өкілдері енеді.
Кеңес 42 мүшеден құралады. Олардың өкілеттік мерзімі – төрт жыл.
Сондай-ақ Кеңестің жоғары органы – Сессия, ал күнделікті жұмысын Төралқа үйлестіреді. Бұдан бөлек, комитеттер, комиссиялар мен жұмыс топтарын құру қарастырылған.
Кеңес Төрағасы төрт жыл мерзімге сайланады және бір адам бұл қызметті қатарынан екі реттен артық атқара алмайды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының орнына жаңа модель енгізіледі
Заң жобасы қабылданған жағдайда қолданыстағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңның күші жойылады.
Депутат Ерлан Саировтың пікірінше, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы – қазақтың дәстүрлі дала демократиясын қазіргі саяси институттармен ұштастыру қадамы.
Сонымен қатар жаңа органға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін ұйымдастыру функциясы да жүктелмек.
Заң жобасы 3 тарау мен 23 баптан тұрады.